Алматыда Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы мүшелерінің кезекті есеп беру-сайлау Жалпы жиналысы өтті
2026 жылғы 16 қазанда Алматы қаласында «Тұран» университетінің базасында «Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы» КАҰ мүшелерінің кезекті есеп беру-сайлау Жалпы жиналысы өтті.
Аталған іс-шара еліміздің аудиторлық қауымдастығының кәсіби өміріндегі маңызды оқиға болды. Жиналыс барысында Палатаның қызметіне қатысты ұйымдастырушылық мәселелер қаралып, кәсіби ұйымның басшылық органдарына сайлау өткізілді.
Есеп беру-сайлау Жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының басшылық лауазымдарына төмендегі тұлғалар сайланды:
Президент — Дүйсенбеков Есембай Ахметұлы;
Кеңес төрағасы — Қошкімбаев Сапар Хайсаханұлы;
Вице-президент — Башиков Рустам Мұратұлы;
Вице-президент — Гребенщикова Елена Семеновна;
Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы Кеңесінің жаңа мүшесі — Еспенбетова Рита Құрманбайқызы.
Жаңа басшылықтың сайлануы Палата қызметінің жаңа кезеңіне жол ашады. Бұл кезең аудиторлық кәсіпті дамытуға, аудиторлық қызметтердің сапасын арттыруға, кәсіби стандарттарды нығайтуға және Қазақстанның аудиторлық қауымдастығының мүдделерін қорғауға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы мен «Тұран» университеті арасындағы көпжылдық ынтымақтастықты ерекше атап өткен жөн. Университет 2018 жылдан бері Палата мүшелерінің Жалпы жиналыстарын өткізу үшін тұрақты түрде алаң ұсынып келеді.
Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы «Тұран» университетіне және оның ректоры, академик Алшанов Рахман Алшанұлына қонақжайлылығы, қолдауы және кәсіби іс-шараларды ұйымдастыруға көрсеткен жан-жақты көмегі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы жаңадан сайланған Кеңес мүшелерін, Президент пен Вице-президенттерді шын жүректен құттықтайды!
Оларға жауапты қызметтерінде табыс, жемісті еңбек және Қазақстандағы аудиторлық кәсіптің дамуы жолында жаңа жетістіктер тілейді!
В Алматы состоялось отчетно-выборное Общее собрание членов Палаты аудиторов Республики Казахстан
16 октября 2026 года в Алматы, на базе Университета «Туран», состоялось очередное отчетно-выборное Общее собрание членов ПАО «Палата аудиторов Республики Казахстан».
Мероприятие стало важным событием в профессиональной жизни аудиторского сообщества страны. В ходе собрания были рассмотрены организационные вопросы деятельности Палаты, а также состоялись выборы руководящих органов профессиональной организации.
По итогам отчетно-выборного собрания избрано на должности Палаты аудиторов Республики Казахстан:
Президент — Дуйсенбеков Есембай Ахметович;
Председатель Совета - Кошкимбаев Сапар Хайсаханович;
Вице-президент — Башиков Рустам Муратович;
Вице-президент — Гребенщикова Елена Семеновна;
новый член Совета Палаты аудиторов РК — Еспенбетова Рита Курманбаевна.
Избрание нового руководства открывает очередной этап деятельности Палаты, направленной на развитие аудиторской профессии, повышение качества аудиторских услуг, укрепление профессиональных стандартов и защиту интересов аудиторского сообщества Казахстана.
Особое внимание уделяем многолетнему сотрудничеству Палаты аудиторов Республики Казахстан с Университетом «Туран», который с 2018 года предоставляет площадку для проведения общих собраний членов Палаты.
Палата аудиторов Республики Казахстан выражает искреннюю благодарность Университету «Туран» и лично ректору Академику Алшанову Рахману Алшановичу за гостеприимство, поддержку и содействие в организации профессиональных мероприятий.
Палата аудиторов Республики Казахстан поздравляет вновь избранный Совет, Президента и Вице-президентов, желает им успешной работы, плодотворной деятельности и новых достижений на благо развития аудиторской профессии в Казахстане!




